05 Қаң 2021
Страницы КГУ "СШ имени К.Тогисова"

Мектеп туралы

 

Кишанова Бота Сыдыковна

Мектеп директоры

Өмірбаяны

     Кишанова Бота Сыдыққызы 1967 жылы 22 шілдеде Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1984 жылы облыстық Жамбыл мектеп-интернатын бітірген. 1989 жылы Өскемен педагогикалық институтын математика және қосымша физика мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1993 жылдан бастап К.Төгісов атындағы орта мектебінде математика пәні мұғалімі.

2016 жылы «Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» әдістемелік оқулығы, 2019 жылы «Математиканы тереңдетіп оқытудағы тың жоспарлар мен әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік көмекші құралы арқылы тәжірибесі таратылды.

2011-2018 жылдар аралығында әлеуметтік педагог қызметін атқарды.

2015 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ризашылық пен мейірімділік білдіріп оларға рухани қолдау және материалдық көмек көрсетуде жоғарғы дәрежеде белсенділік көрсеткені үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

2014 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аулымыздың мектебін жабдықтауға сүбелі үлес қосқаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2018-2020 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың обьективтілігін бақылауды жүйелі жүзеге асырды.

2019 жылы «Үздік педагог-2019» Республикалық байқауының жүлдегері ҚР Білім және Ғылым Министрлігімен бас жүлде дипломы берілді.

Қазіргі таңда «К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ директоры болып қызмет атқарады.

Кишанова Бота Сыдыковна өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман.

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар